13.09.2022, 11:00
Оқылды: 63

Жас офицерлер кәсіби шеберліктерін шыңдады

Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығында әскери жоғары оқу орнын 2021 жылы бітірген жас офицерлермен бес күндік оқу-әдістемелік жиын өтті.

DSC_9194

Жиынға Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен және Орал қалаларында орналасқан Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінен келген 33 офицер қатысты.

DSC_9218

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қарулы Күштердің алдына қойылып отырған басты талаптардың бірі – әскердің әлеуетін жан-жақты дамыту және жеке құрамның жауынгерлік шеберліктерін шыңдау, сондай-ақ әскери қызметшілердің мәртебесін көтеріп, мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыру деген еді.

DSC_9307

Осы мақсатты көздеген жиын саптық дайындықтан басталып, далалық сабақтарды қамтыды.

DSC_9398

Жиын қатысушыларымен әдістемелік сабақтар, әлеуметтік-құқықтық және штабтық даярлықтар, оқу-жаттығу сабақтары өткізіліп, психологиялық тесттер қабылданды.

Сынақтар кезінде көптеген офицерлер жоғары біліктілік танытты. «Сұңқар» оқу-жаттығу орталығында өткен ату сынағында лейтенанттар Е.Арыстанбеков, А.Машкенов және Б.Исақ өздерінің сұр мерген екендіктерін көрсетті. Ал дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру кезінде лейтенанттар Б.Дарханбай, Ұ.Мырзабай, А.Өмірзақов, А.Қуанышев, Д.Тілеубай, Н.Төлегенов, Н.Серікбай және Р.Ахмиев үздік нәтижеге қол жеткізді.

DSC_9564

Жиын қорытындысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев тәртіптілікті күшейту мәселелеріне ерекше тоқталып, жас командирлердің алдына нақты тапсырмалар қойды. Сондай-ақ үздік танылған жас лейтенанттарды марапаттады.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале