ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Жаңақала аудандық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында «Жеке тектік қор – ұрпақ игілігіне» атты ашық есік күні өтті. Жобаның мақсаты – архив құжаттарын пайдалана отырып, туған жердің тарихын зерттеуге балаларды кеңінен тарта отырып, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру.
Шарада ауданның көркеюіне атсалысып, маңдай терін төккен тұлғалардың жеке тектік қорлары мен жерлес ақын, жазушыларымыздың кітаптарынан көрме жасақталды.
Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы, архив саласының ардагерлері Ғайниет Қарағойшыұлы, Жүсіпберген Мәденұлы, жастар ресурстық орталығының директоры Дәурен Құбайдоллаұлы, аудандық кітапхана қызметкерлері, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысты. Шара барысында А.Еслямғалиева архив саласының маңыздылығы туралы сөз қозғаса, архив ардагерлері Ғ.Валиев және Ж.Бақтығұлов ұзақ жылдарғы еңбек жолымен бөлісіп, осы саланың қызығы мен қиындығы туралы айтып берді.
Аудандық архивтің директоры Гүлбарам Хасанова сақтауда тұрған 39 жеке тектік қор туралы баяндама оқып, аудан тарихына елеулі үлес қосып, еңбек еткен бірнеше ардагерлерге жекелей тоқталды. Архив қорында сақтаулы тұрған 2000 жылы ауданның құрылғанына 70 жыл толуына орай түсірілген бейнежазбаны көрермен назарына ұсынып, туған өлкенің тарихынан сыр шертті. Шара соңында қатысушылар арнайы жасақталған көрмені тамашалап, тарқасты.
Н.Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz