22.09.2022, 11:31
Оқылды: 103

Жылыжайы жайқалған мектеп

Теректі ауданы Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы оқушыларға инновациялық, жаңартылған бағдарлама бойынша білім беріп қана қоймай, теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында ерекше жұмыстарды қолға алған. Соның бірі – мектеп жанындағы жылыжай.Теректі ауданы Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы оқушыларға инновациялық, жаңартылған бағдарлама бойынша білім беріп қана қоймай, теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында ерекше жұмыстарды қолға алған. Соның бірі – мектеп жанындағы жылыжай.

IMG-20220920-WA0011

Мектеп әкімшілігі 2020 жылы күрделі жөндеуден өткен ғимараттың құрылыс материалдарын ысырап қылмай, көрсе көз тоятын жылыжай жобасын бастаған. Бүгінде жылыжайда қызанақ, қияр, қызылша, баклажан, көк жуа, сәбіз, аскөк, тәтті бұрыш, т.б. көкөністер өнім берген.

Директор Мирас Абуғалиевтің айтуынша, бау-бақшаға 7-сынып оқушыларынан бастап күтім жасайды екен. Биыл піскен көкөністерді Долин ауылындағы 10 азқамтылған отбасына таратып, шәкірттеріне қайырымдылықтың үлгісін көрсеткен.

Оқушылардың бойында экологиялық сана қалыптастыру, бос уақыттарын мазмұнды ұйымдастыру, еңбекке баулуды мақсат тұтқан аталмыш жоба былтыр аудан бойынша «Үздік жасыл мектеп» аталымын, биыл облыстық «Жер иесі» байқауынан жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлаған.

Ауыл мектебінде осындай тәжірибе алаңын ұйымдастырып, жүзеге асыру – керемет бастама. Өз қолдарымен тіккен әлжуаз көшеттен, түйірдей дәннен жасыл өскін шығып, жапырақ жайғанын көру балалар үшін үлкен қуаныш екені біз айтпасақ та түсінікті.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале