Иран билігі елдегі қоғамдық тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға АҚШ-тың қатысы бар деп санап, оларды айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап.
Иран сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, америкалық саясаткерлер Ислам Республикасындағы жағдайды тұрақсыздандырғысы келеді.
"Вашингтон Иранның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын әлсіретуге тырысады, бірақ бұл сәтті аяқталмайды", — деді Иранның сыртқы істер министрі Насер Канаани. Ол сондай-ақ АҚШ-тың Еуроодақтың кейбір елдерімен бірлесіп, бұзақыларды қолдау үшін Ислам Республикасында болып жатқан оқиғаларды асыра сілтеп жазатынын атап өтті. Сонымен бірге, Батыс елдері Иранның мемлекеттік жүйені қолдайтын миллиондаған тұрғындары туралы неге жазбайтынын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, дүйсенбі, 26 қыркүйекте Германия Иранның Берлиндегі елшісін Тегерандағы қуғын-сүргінді тоқтатуға және бейбіт шерулерге рұқсат беруге шақырды.
Естеріңізге салсақ, аталмыш көтерілістер 22 жастағы Махсы Аманидің хиджабын дұрыс кимей, соңында полиция бөлімшесінде ауырып, дүние салуына байланысты басталған еді. Иран президенті Эбрахим Раисы бұл наразылықтарды “бүлік” деп айыптап, наразы қауымды жазалайтынын атап кетті.