28.09.2022, 16:30
Оқылды: 36

"Тойға келген": Байқоңырда бір жарым жасар сәбиі баспалдақтан құлап кеткен ана жауапқа тартылмақ

Байқоңырда тойға келген қызылордалық әйелдің бір жарым жастағы сәбиі дайындық кезінде қараусыз қалып, баспалдақтан құлап кетті. Жағдайы ауыр бүлдіршін анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

21

Оқиға салдарынан қараусыз қалған сәби ауыр жарақаттар алған.

"Баласы жарақаттанған әйел Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы ауылынан туысының тойы үшін келген. Әйел кішкентай сәбиімен көпқабатты үйдің пәтеріндегі туысына жайғасқан. Кейін той дайындығына көмектескен", - деді "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы.

Оқиға осы той алдындағы аласапыран кезінде болған.

"Анасы бір жарым жасар баласының пәтерден кіреберіс дәлізге шығып, баспалдақтан қалай құлап кеткенін байқамай қалған. Салдарынан бүлдіршін ауыр жарақат алған", - деді қадағалау органы.

Сәбидің анасына қатысты кешеннің құқық қорғау органдары қауіп төндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеді.

"Қазір күдіктінің ҚР азаматы екендігін ескере отырып, оған қатысты қылмыстық іс одан әрі қылмыстық қудалау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді", - деді "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале