1.10.2022, 21:31
Оқылды: 56

Өңір басшысы: «Агроқұрылым қызметкерлері қандай құрметке де лайық»

Бүгін Бәйтерек ауданы орталығында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні кең көлемде аталып өтілді. Переметный ауылының маңындағы атшабар алаңында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

CA60B3C9-BDB3-4560-9782-3622AE9F1618

Өңір басшысы әуелі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне барды. Мұнда аудан аумағындағы 30-дан астам шаруашылық өз өнімдерін алып келген. Мәселен, «Белес Агро» ЖШС ұн, макарон өнімдерін, сұйық май, «Каверин» ЖК сары май, чечил, «Қаз ақбас» ЖШС мен «Сағынғалиева» ЖК шұжық өнімдерін, «Панфилов» ЖК бал, «Ақас» ЖШС жұмыртқа, «Қайнар» АӨК, «Жайық ет» ЖШС секілді он шақты шаруашылық ет өнімдерін, 20-дан аса шаруа қожалығы көкөніс, «Асан ауыл» ЖШС жем өнімдерін саттыққа шығарды. Және бағалары да қолжетімді болды. Мысалы, еттің келісі 1 700, тауықтың сан еті (окорочка) 950, филе 1 700, шұжық 2 400, картоп 110, помидор 100-150, орамжапырақ 70-100, пияз 70-120, сәбіз 100-150 теңгеден болды.

D3AD139A-388F-4DAC-BD97-215A925F666A

​– Құрметті жерлестер, баршаңызды ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Бұл мереке жер төсінде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың еңбегінің жемісі деп білемінОлар қандай құрметке де лайық. Жалпы облыс экономикасының негізін құрайтын ауыл шаруашылығы саласы екені белгілі. Өңірімізде мал шаруашылығы жақсы дамығанымен, Бәйтерек секілді екі-үш ауданымызда өсімдік шаруашылығының орны зор. Облысымыздағы жалпы егістік алқабының тең жартысы Бәйтерекке тиесілі екенін айта кеткен жөн. Ауа райының қолайлы болуына орай және жаңа технология, заманауи техникаларды пайдаланудың нәтижесінде биыл өнім мол шықты, қамбамыз толды. Орта есеппен гектарынан 16 центнер бидай орылды. Бұл – соңғы он жыл ішінде қол жеткізілген ең жақсы көрсеткіш. Осынау көрсеткіштің астарында елдің берекесі, еңбеккерлердің табысы жатыр. Тағы бір қуантатыны, жер төсінде еңбек етуге жаңа буын өкілдері көптеп келуде. Бәйтеректі айтқанда, Асановтар, Недопекин, Доценко сынды осы саланың ардагерлері ойға оралса, енді олардың ісін жалғастыру үшін жастардың тартылуы қуантады. Бұйыртса, уақыт өте келе олар да еңбегімен аты шығып, елдің құрметіне бөленеріне сенім мол, - деді құттықтау сөзінде Ғали Нәжімеденұлы.

318BFDF2-355C-49EB-BE97-B47C947ECD2E

Содан соң өңір басшысы бір топ ауыл шаруашылығы қызметкерін өзінің алғысхатымен марапаттады. Олардың арасында «Алтын бидай», «Август» шаруа қожалықтарының механизаторы Арон Исқалиев, Дмитрий Ганенков, «Ирменов», «Гатауов» шаруа қожалықтарының жетекшілері Мұтиғолла Ирменов, Мэльс Гатауов бар.

Ал Нұрлан Карин «Ауыл шаруашылығының үздігі», «Разолье» ЖШС директоры Мұхит Талиев, «Шонайбеков» ШҚ жетекшісі Сергей Шонайбеков ІІІ «Еңбек даңқы», «Гурсаев» ШҚ жетекшісі Арзамат Гурсаев, «Агросервис Батыс» ЖШС директоры Азамат Бисенов, «Горбачев» ШҚ-ның қымыз дайындаушысы Ольга Агапова, «Ливкино» ЖШС-ның тракторшысы Сергей Понмарев ІІІ «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгілерін өңірлеріне тақты.

Аудан әкімінің алғысхатына «Кужгалиева» ШҚ-ның басшысы Светла Кужгалиева, «Агросервис Батыс» ЖШС-ның трактор операторы Алексей Егоров ие болса, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының алғысхатын «Ақас» ЖШС-ның жүргізушісі Абылай Қаташев, «Виктория» ШҚ-ның басшысы Денис Павочка алды.

0ED24496-BD2A-4FC2-85A5-B7A7CBB88D06

Дала қызықтары мерекенің көркін қыздырды. Бірінші арба жарыс оздырылды. Онда дарияндық Василий Лясовой топ жарды. Ал түйе жарыста Бөкей ордасы ауданынан келген Жандарбек Жаманғарин үздік деп танылды.

Теңге ілуде Бәйтеректің намысын қорғаған Амангелді Өмірзақпен теңесер ешкім болған жоқ. Қыз қууда оралдық Әдемі Ақдөңова мен Мағжан Жеңісовтың жұбы көпшіліктің ықыласына бөленді.

26F7DE83-0F92-4C79-B746-DBD58E250592

Аударыспақ екі салмақ дәрежесінде өтті. Онда да облыс орталығынан келгендер күштілігімен көзге түсті. 69 келіге дейінгі салмақта Мұхамбет Әли Айтқали мықты болса, 69-дан жоғарыда Мирлан Сайман өзінің ептілігін көрсете білді.

1E24050D-C644-43C3-A6ED-30E7D6BC84F4

Қазақ күресінде Сырым ауданынан келген жігіттер олжа салып, үш орынды бірдей ешкімге берген жоқ. Түйе палуан болып жымпитылық Нұрымжан Ғаббасов танылды. Балалар жылына орай балғын пауландар да бозкілемнің шаңын қақты. Мұнда трекиндіктерге шыдас беретіндер табылмады. Нақтылап айтсақ, 55 келіге дейінгіде Алдияр Елеусін (2007 ж.т.), +55 келі салмақта Әділ Кәримолла чемпион атанды.

A3B642F7-7EA6-4956-A443-B6EC031454AC

Көпшілік асыға күткен бәйге де тартысты өтті. 18 шақырым қашықтыққа созылған топ бәйгеге 13 тұлпар қатысты. Нәтижесінде атыраулық Сейітжан Байжігітовтің сәйгүлігі дес бермей, 1 млн теңгені қанжығасына байлады.

Ал аламан бәйгеге шыққан 9 жүйірік 27 шақырым қашықтыққа шапты. Олардың арасынан шашасына шаң жұқпаған қазталовтық Нұралы Тұралиевтың "Дианасы" иесіне 2 млн. теңгенің сертификатын сыйлады.

7DC3E4F6-66BF-4F16-95A1-C2E04A41C6FF

Мерекелік іс-шара танымал өнерпаздардың қатысуымен болған концертпен жалғасын тапты. Бағалы сыйлықтар тігілген лоторея ойыны да жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

1A6302B0-AC78-4462-A0DA-99EDE1580264

D075EAD8-200B-4B48-837B-4E7627AE9505
C550842F-4B6E-4C8D-8B20-752768217AC9
71FEBE0F-722D-4912-A3ED-B3714D8A597A

EE0F7131-1423-4E51-ABB6-8BF5AE1CCC6F
15D01577-2E6D-44E7-A4FF-40DA4B78EFD6

78BD91B8-31C6-4671-8FDB-3FE4532A46F0

C6A50CB9-354C-4DD5-912F-D38784A0128F

1E0F6ABE-63C0-48A5-9AA1-8DF870E5E3CD

3B6D1E10-EED9-4B8D-BA38-41CCEEEE0C7A

E953C27F-9A92-4264-9F72-6428704E42DB

EB97D438-A857-4240-A76F-96AB8A325175
Сәкен Мұратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале