8.10.2022, 22:08
Оқылды: 111

Аңқатыда аламан бәйге өтті

Бүгін Аңқаты ауылының 90 жылдық мерейтойына орай асыл тұқымды мал көрмесі, дала қызықтары, аламан бәйге өтті. 

IMG-20221008-WA0102

Кең далада киіз үйлер тігіліп, безендірілген сахнада күмбірлете күй төгіліп, әуелете әсем ән шырқалды.

IMG-20221008-WA0083

Аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов  тұрғындарды осынау мерейтоймен құттықтап, елге құт-береке тіледі.

IMG-20221008-WA0033 (1)

Жиналған жұртшылық  ұлттық спорттық ойындарды тамашалады. Айталық, қазақ күресінен подстепныйлық Нұрлан Мәжік жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Ақжайық ауылының тұрғыны Бектұрсын Жұмағалиев екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын тағы да подстепныйлық Әли Абылаевқа бұйырды.

IMG-20221008-WA0050

Тұрғындар мұнан кейін қой көтеру жарысын көрді. Қарсыластарынан ілгері болған аңқатының  өз перзенті Әнуар Есенғалиев жеңіске жетті. Ол екі минут ішінде 56 рет көтеріп, сол қойды қанжығаға байлады.

IMG-20221008-WA0084

Ептілік пен дәлдікті қажет ететін асық ату ойынынан ұлдар арасында Бейбарыс  Тұраш 1- орын, Әмірхан Бақтыбай 2-орын, Мансұр Мұса 3- орынды иеленді. Сонымен бірге қыздар арасынан «Бес асық» ойынынан Аруна Ерболова 1- орын,  Гүлім Қонасова 2-орынды жеңіп алса, 3-орынды Ақбаян Бақыт қанағат тұтты.

IMG-20221008-WA0041

Жүргізуші тай жарыстың басталғанын хабарлап еді, көпшілік қиқуға салып, мәре сызығында тұрған жүйріктер шаңдата жөнелді.

IMG-20221008-WA0048

Алты шақырымдық тай жарысында ақжайықтық Әсет Харинның «Ақжайығы» бәйгенің алдын бермесе, екіншіге талпындық Әміржан Бекеновтің «Жебесі», үшіншіге Есенсай ауылының тұрғыны Бөкенбай Мусеевтің «Сыйлығы» үзеңгілесе жетті.

IMG-20221008-WA0046

Бәйге тоғыз шақырымдық құнан жарысына жалғасты. Бұған он үш тай қатысты. Көзді ашып-жұмғанша бәйгеге қосқан аттардың алды көріне бастады. Асхат Камешовтің иелігіндегі тайпақтың «Жұлдызы»  мәре сызығын бірінші болып кессе, екінші болып аңқатылық Бақберген Ахметовтің  «Ақжайығы», үшінші болып сарыөмірлік Абат Қапашовтың «Аягөзі» келді.

IMG-20221008-WA0049

Ал 15 шақырымдық топ бәйгеден Рыбцех ауылының тұрғыны Бақытжан Сатыбаевтың «Абыройы» ауылдың абыройын көтеріп бірінші келді.  Ермұхан ауылының тұрғыны Асхат Аманбаевтың «Ермахан» торысы екінші, ал ақжайықтық Қайсар Қатымғалидың «Томирисі» үшінші болып келді.

IMG-20221008-WA0047

Жарыстың ең қызығы 24 шақырымдық аламан бәйгесі. Ат десе делебесі қозатын ағайындар аттар көрінгенде жер-жерден айқайлап жатты. Кіл жүйріктер сыналатын жарыста бәйгеге қосылған шабандоздар да намысты қолдан бермеуге тырысып бақты.

IMG-20221008-WA0038

«Бәйгеде тек жүйріктер озады» дегендей, қас-қағым сәтте жүйріктердің алды суырылып шығып, келе бастады. Аламан бәйгеде мәре сызығын алғаш кесіп өткен Рыбцех ауылының тұрғыны Бақытжан Сатыбаевтың  «Тарланы», одан кейін Достық ауылының  (Бөрлі) тұрғыны Нұрболат Жиреншиевтің  «Бұйражал» аты желдей ұшып жетсе, үшінші орын талпындық Темір Кәкімнің иелігіндегі «Сардарға» бұйырды.

IMG-20221008-WA0109

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды.

IMG-20221008-WA0115

IMG-20221008-WA0106

IMG-20221008-WA0075

IMG-20221008-WA0052

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале