11.10.2022, 15:31
Оқылды: 47

ҚР ҰҚК есірткі лабораториясы мен қылмыстық ақшаны заңдастыру жолын анықтады

ҚР Ұлтттық қауіпсіздік комитеті есірткі саудалаушылардың қылмыстық жолмен тапқан ақшасын заңдастыру жолын анықтау мен оны жою бағытында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

221011095334443e

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, операция биылғы қаңтарда Қазақстан, Өзбекстан мен Ресейдің «есірткі нарығын» психотроптық заттармен қамтамасыз етіп отырған жасырын есірткі лабораториясын жоюдан басталды. Заңсыз айналымнан есірткінің рекордтық партиясы – 188 келі «мефедрон» алынды.

Арнайы қызмет қылмыстық капиталды Қазақстаннан тыс шығару мен оны «тазарту» схемаларын анықтау бойынша шараларды қолға алды. Ақша аударымдары қаржылық айналымда қажетті деңгейде айқындалмаған криптовалютада жүргізілгені қиындықтар тудырғанын атап өту қажет.

Бұдан әрі қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастырып, одан әрі шет мелекеттерге шығару жолын анықтау бағытында жұмыстар жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігіне ақша аударымдарының «көлеңкелі» жақтары көп криптовалютада жүргізілуі зардабын тигізді

Комитет өкілдері қылмыстық биткойндарды заңдастыратын айырбас орнын анықтады. Осы жүйе бойынша биткойндар Алматының ақша айырбастау орындарына өздерінің адамдары арқылы таратылып отырған.

Операция нәтижесінде қылмысты ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды.

«Мемлекет кірісіне қылмыстық топтардың есірткі саудасынан тапқан криптовалютадағы 68 млн. теңге қаржысы өткізілді»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале