Қазақстандағы жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы мен сұранысына талдау жасаған Krisha.kz ресурсы пәтерақы дүрбелеңі бәсеңдегенін хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото дереккөзі: halyq-uni.kz
Мониторингке сенсек, 5-12 қазан аралығында жеті қалада пәтерақы бағасы керісінше сәл түскен.
Атап айтсақ, Петропавл, Ақтөбе, Павлодар, Орал, Астана, Қостанай, Атырау қалаларында пәтерақы 10% төмендеген.
Ал Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында пәтерақы әлі қымбаттап жатыр.
Пәтерақының шарықтау шегі:
- Алматыда - 30 қыркүйектен 7 қазанға дейін;
- Астана – 5 қазаннан бастап;
- Орал - 2 қазаннан бастап тіркелді.
Алматыда нарық құрылымының өзгеруіне және арзан пәтерлердің тапшылығына байланысты төмендеу әлі байқалмай отыр.
Бір қызығы, Түркістан, Тараз, Көкшетауда пәтерақы мен сұраныс өзгермеген деуге болады.