14.10.2022, 18:35
Оқылды: 43

«Елім деп соққан жүрегі»

Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі, белгілі педагог және мемлекет қайраткері Шәмша Беркімбаеваның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған еске алу іс-шаралары аяқталды. NIS Шәмша Көпбайқызымен дос болған, бірге оқып, қызмет атқарған тұлғалардың басын қосты.

IMG-20221014-WA0115

Ауқымды шараның Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ашылуының терең мағыналық мәні бар. Тәуелсіз Қазақстанда жоғары оқу орынның табысты жандануы 2003 жылы Шәмша Көпбайқызы ректор болып тағайындалған кезде басталды. Ұстаздың жетекшілігі мен ерік-жігерінің арқасында университетте Студенттер үйі құрылды, ал мерейтой аясында оған ресми түрде Шәмша Беркімбаеваның есімі берілді. Отбасылық мұрағаттағы қолжазбалар, кітаптар, құжаттар мен марапаттар университеттің бас ғимараты – Ақтұмар мұражайындағы ұстаздың атын алған орталықта жинақталды.

Шәмша Көпбайқызы аяқтап үлгермеген «Қазақ мектебі – ұлт тірегі» кітабының тұсаукесері еске алу шараларының басты оқиғасына айналды. Бірегей жинақты NIS Педагогикалық шеберлік орталығы толықтай әзірлеп, өздерінің полиграфиялық кешенінде басып шығарды.

– «Қазақ мектебі – ұлт тірегі» еңбегі – бүкіл саналы ғұмырын отандық білім беруге, оның ішінде ауыл мектебіне арнаған Шәмша Беркімбаеваның ұстаздық өсиеті, – деп атап өтті Шәмша Көпбайқызымен ұзақ жылдар бірге қызмет еткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дипломат, ғалым, журналист Қуаныш Сұлтанов.

Еске алу іс-шаралардың қорытындысы әр жылдары Шәмша Беркімбаеваға арналған өлеңдер мен әндерден құралған концерттік бағдарламамен ұласты.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале