15.10.2022, 19:08
Оқылды: 45

«Бұл жолғы сайлау - жаңа сайлау, жаңа талап...»

20 қарашада болатын кезектен тыс ҚР Президенті сайлауы ашық, айқын, заңбұзушылықсыз өтуі керек. Ешқандай қателік орын алмауы тиіс. Бұл туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов Бәйтерек ауданы Переметный ауылында өткен жиын кезінде мәлімдеді.

IMG-20221015-WA0088

«Сайлау кезіндегі сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» атты семинар-тренингке жергілікті атқарушы билік өкілдері, сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

IMG-20221015-WA0090

- Әбір сайлау учаскесіне плакаттар жіберілді. Сайлау комиссияларының мүшелері оны дұрыстап оқып алғандары жөн. Онда бұзушылықтар орын алған жағдайда қандай шара қолданылатыны жазылған. «Мен білмей қалдым» деген әңгіме болмауы қажет. Сондай-ақ сайлау комиссияларының мүшелері тест тапсырады. Тестті әр адам өзі тапсырады. Таяуда аудандарға жасаған сапарым кезінде кейбір ауылдарда бұл сайлау науқанына жеңіл-желпі қарап отырған жергілікті атқарушы билік өкілдері мен сайлау комиссиясы төрағаларын көрдік. Олар «талай сайлаудың басы-қасында болдық, мұны да бірдеме қылып өткізерміз» деген көзқараста. Бұл дұрыс емес. Бұл жолғы сайлау - жаңа сайлау, мұнда жаңа талап, жаңа тәсіл бар. Осыны түсінгеніміз дұрыс, - деді Ғайса Қамидоллаұлы.

IMG-20221015-WA0091

Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов баяндама жасады. Оның сөзіне қарағанда, алдағы сайлау науқаны кезінде Бәйтеректе бір аумақтық саулау комиссиясы, 313 мүшесі бар 55 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Сайлау учаскелелерінің 28-і мәдениет ошақтарында, 22-сі білім беру мекемелерінде, 4-еуі медициналық нысандарда, 1-еуі кітапхана ғимаратында орналасқан. 16 елді мекенде сайлаушылар тасымалы ұйымдастырылады. Сайлаушылардың 116-сы - мүмкіндігі шектеулі адам. Мұндай жандар үшін барлық сайлау учаскесінде арнайы кабина жасақталады.

Жиыннан соң өткен семинар-тренингте сайлауды ашу, өткізу, жабу іс-шаралары, бақылаушылармен жұмыс, сайлау учаскесіне келуге мүмкіндігі жоқ адамдардың үйлеріне баруды ұйымдастыру бағытында практикалық сабақтар болды.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале