19.10.2022, 11:31
Оқылды: 39

Озық ойлы оқушылар жарысы

Орал қаласында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлиді еске алуға арналған тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық жарысы өтті.

1

Мықтылар қатысқан бәсекеге  Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстары мен өңіріміздің тоғызқұмалақшылары қатысты. Бірнеше күнге созылған ұшқыр ойлы спортшылар жарысының қорытындысында тоғыз жас қыздар арасында:

Мейірім Төленді (Атырау облысы) мен Алуа Талғат Алуа, (Орал қаласы) үшінші орын иеленсе, Альфия Бабабек Альфия, (Қызылорда облысы) екінші, Мөлдір Батуллина , (Бәйтерек ауданы) бірінші орын иеленді. Осы жастағы ұлдар арасындағы бәсекенің қола жүлдесі  Сұлтан Саутбек, (Орал қаласы) пен Нұрдәулет  Мақсотұлына, (Орал қаласы) күміс жүлде Алан Юсуповқа бұйырса, (Орал қаласы) Әли Кенжин  (Орал қаласы) бас бәйгені жеңіп алды. 11 жас қыздар арасында Малика Шөкеева Малика, (Орал қаласы) мен Кәусар Ертуған, (Қызылорда облысы) қола, Назерке Мұғал (Орал қаласы) күміс,  Айдана Аманғали, (Орал қаласы) алтын медель иегері атанды. Ал ​11 жас ұлдар жарысының жеңіс тұғыры мынадай: қола жүлде Ислам Жақсылық  (Жаңақала ауданы) пен  Әділ Ахмеддолла (Орал қаласы), күміс жүлде  Рамазан Алмасұлына (Қызылорда облысы), алтын медель Құлахмұхаммед Қашқынбайдың (Қызылорда облысы) қанжығасына байланды.

3

13  жастағы қыздар сынына келер болсақ, мұнда үшінші орынды Айым Ақылбек  (Ұлттық ат спорты т.о) пен Азария Хамидуллина (Бөрлі ауданы) бөліссе, екінші орынға Айназ Сақтаған (Орал қаласы) бірінші орынды Ботагөз Кеңес (Қызылорда обл)​ жеңіп алды. Ал 13 жастағы ұлдар жарысында  үшінші орын Нұрдәулет Галлемов (Орал қаласы) пен  Бейбарыс Жолдасқали (Жаңақала ауданы), екінші орынды  Нұрәлі Арматұлы (Жаңақала ауданы) бірінші орынды Темірлан Османов (Орал қаласы) жеңіп алды. Ал осы жарыстың ең үлкен қатысушылары саналған 15 жастағы қыздар сынын Самира Оразмұханбет  (Орал қаласы)​ жеңіп алса, екінші орынды Инабат Мажитова, (Орал қаласы), үшінші орынға  Аяжан Жақсылықова (Қызылорда облысы) мен  Айым Қонасова, (Орал қаласы) жайғасты. Осы жасар ұлдар бәсекесінде Әзімхан Махмутжанға, (Ұлттық ат спорты түрлері орталығы) тең келер ойыншы табылмаса, екінші орынды Нұрберген Түсіпқали , (Жаңақала ауданы), үшінші орынды Мержан Ерген мен  (Орал қаласы) Нұрәлі Қылышқожа (Орал қаласы) иеленді.

2

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтар мен медаль грамоталарға ие болды. Тоғызқұмалақтан облыс құрамасының аға бапкері Жарасхан Сағынбаев ұлттық спорттың осы түрін әлі де дамытып, оған деген жастардың қызығушылығын оятуға мұндай ірі жарыстардың үлкен септігі тиетінін айтады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

 

 

​​

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале