27.10.2022, 16:45
Оқылды: 19

ТМД елдері бір-біріне қашқын жемқорларды беруге келісті

2022 жылдың 14 қазанында Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өткен еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022_10_27_f266494d-357c-4009-a862-42aa288c1ba9

 Отырыс аясында президенттер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды.

Аталған құжат 2008 жылы әзірленген. Бірақ тек 2022 жылы тараптар жоғары деңгейде қол қоюға келісті.

«Келісімнің қолданылуы сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге ықпал ететін үйлестірілген және келісілген іздестіру іс-шараларын және басқа да шараларды жүргізуге мүмкіндік береді», делінген ANTIKOR хабарламасында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале