29.10.2022, 13:00
Оқылды: 62

2030 жылға қарай тозған электр мен жылу желілерін 15% қысқартамыз – Премьер-Министр

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов табиғи монополиялар саласындағы «инвестицияларға айырбастау тарифі» тарифтік саясаты туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

682fca886fe50e99

«Табиғи монополиялар салаларына инвестициялар тартуды мақсат еткен қазіргі саясат шеңберінде (тарифтік реттеудің шығынды әдісі) шығындарды азайтып, тиімділікті арттыру үшін экономикалық ынталандыру қарастырылмаған», - деді Әлихан Смайылов өз жауабында.

Оның айтуынша, тариф саясатын реформалау үшін табиғи монополиялар саласын реттеудің жаңа тұжырымдамасы – «инвестицияларға айырбастау тарифі» ұсынылады, ол бойынша мынадай міндеттерді іске асыру көзделген:

- электрмен жабдықтау желілерінің, су құбыры желілерінің жылу коммуникацияларының тозу көрсеткішін кезең-кезеңмен орта есеппен 15%-ке төмендету;

- кәсіпорындарда инновациялық шешімдерді енгізу мен жабдықтарды жаңғырту үшін пәрменді ынталандыру енгізу;

- кросс-субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тарту;

- табыстың белгілі бір үлесін монополист иелігінде сақтау;

- шығындардың бір бөлігін тарифтік сметаның түрлі баптары арасында монополистің қайта бөлуі.

«Алдын ала деректер бойынша, желілердің тозу деңгейін 15% төмендету көрсеткішіне 2030 жылға дейін қол жеткізу жоспарланып отыр. Болжамға сәйкес, жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін жылына 400 млрд теңге инвестиция тарту қажет болады. Салалар бойынша желілердің орташа тозу деңгейі келесідей: электрмен жабдықтау: 65%-дан (2022 жыл) 50%-ға дейін (2030 жылға қарай); жылумен жабдықтау: 57%-дан (2022 жыл) 42%-ға дейін (2030 жылға қарай); сумен жабдықтау: 53%-дан (2022 жыл) 38%-ға дейін (2030 жылға қарай); су бұру: 63%-дан (2022 жыл) 48%-ға дейін (2030 жылға қарай); газбен жабдықтау: 35%-дан (2022 жыл) 19%-ға дейін (2030 жылға қарай)», - деп толықтырды Премьер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале