2.11.2022, 9:00
Оқылды: 202

Елімізде 2023 жылғы шілдедегі демалыс күндері өзгертілді

Қазақстан үкіметінің "2023 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы" қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
IMG-20221102-WA0001
Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын, – деп жазылыпты қаулы мәтінінде.

6 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік мереке – Астана күні тойланады.

Осылайша, 2023 жылғы шілдеде отандастарымыз бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері үш күн болады.

Негіздемеде жазылғандай, демалысты ауыстыру мереке күндерінде, сондай-ақ демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында іске асырылады.

Құжат 15 қарашаға дейін қоғам боп талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале