9.11.2022, 15:30
Оқылды: 47

Ет және ет өнімдері 16 пайызға қымбаттады

Биылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1,3 млн тонна дайын жем-шөп өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 11,8 пайызға аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

Ranking.кz порталының дерегіне қарағанда, өндірістің басым бөлігі Алматы облысына тиесілі - 347,3 мың тонна. Бір жылда өндіріс көлемі 3 пайызға артқан. Үздік үштікке Ақмола (223,8 мың тонна, 0,5 пайыз азайған) және Солтүстік Қазақстан (161,1 мың тонна, 18,4 пайызға көбейген) облыстары да кірді.

1 қазанға дейін республикада 9 млн бас ірі қара мал болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 4,7 пайызға көп. Басқа түлік түрлерінің де саны артып келеді. Жылқы 3,8 миллионға, түйе 265,3 мыңға, қой 21 миллионға, құс 50 миллионға жетті.

Қазан айының қорытындысында ет және ет өнімдерінің бағасы бір жылда бірден 15,9 пайызға артты. Оның ішінде ет және құс еті — 14,6, шұжық өнімдері — 21,3%, басқа да ет өнімдері 15,7 пайызға қымбаттады.

Бір жылда сиыр етінің бағасы — 9,3, жылқы еті — 16,3, шошқа еті — 13,4, қой еті — 12,5, құс еті 28,6 пайызға, шұжық өнімдерінің ішінде пісірілген шұжықтар - 22,2, жартылай ысталған шұжықтар 21,2 пайызға көтерілді.

Өңірлердің ішінде Маңғыстау облысында ет және ет өнімдері жыл ішінде бірден 22,6 пайызға қымбаттаған. Одан кейінгі орында Павлодар (20%) және Ақтөбе (19,5%) облыстары тұр.

Қазан айында дүкендер мен базар сөрелерінде сиыр етінің келісі орта есеппен - 2,4 мың, қой еті — 2,7 мың, шошқа еті — 2 мың, жылқы еті — 3 мың, тауық еті — 1,4 мың, тауық сан еті — 1,2 мың, қайнатылған шұжық — 2,6 мың, жартылай ысталған шұжық — 3,1 мың теңгеден сатылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале