10.11.2022, 9:15
Оқылды: 74

Жұмыртқа бағасы тұрақталады

 Жұмыртқаның бағасы тұрақты болады. Оның көтерілуіне еш себеп жоқ. Бұл туралы жұмыртқа өңдірушілер қауымдастығының өкілдері хабарлады.

2cabb7900c004e9bb41915b26c5c72bf

Биыл бағаны тұрақтандыру үшін наурыз айында министрлік, құс шаруашылығы ұйымдары мен сауда желілері арасында бірлескен меморандум жасалды. Құс фабрикаларының жем-азық қорын сақтап қоюға ықпал етті, деп жазады qazaqstan.tv.

 Мемлекеттен бөлінген субсидия құс өсірушілерге егістік науқанына дейін құс басын сақтауға мүмкіндік берді. Құс жұмыртқасының қайта енгізілген субсидия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына кіретін жұмыртқаның бағасын келесі жылға дейін тұрақты ұстауға мүмкіндік береді.
Қуаттылығы жылына 5 млн дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикалары өндірілген жұмыртқаға бір жұмыртқаның құнына 3 теңгеден мемлекеттік қолдау субсидия алып отыр. Оған республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге қаражат қарастырылды. Қазіргі таңда осы қаражаттың 90 пайызы игеріліп, құс фабрикалары мемлекет тарапынан субсидия алып отыр, - деді Ержан Ильясов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының міндетін атқарушы.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале