11.11.2022, 16:16
Оқылды: 65

Әділетті қоғам құру – Тоқаевтың басымдығы

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

01
Орал қаласында Штаб мүшелері «Жайықжылуқуат» АҚ алаңында өңірдегі коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерімен кездесіп, батысқазақстандықтарға Қ.Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді.
Сондай-ақ РҚШ мүшелері облыстың зиялы қауым өкілдерімен, қоғам белсенділерімен бірге кандидат ұсынған отандық мәдениет пен өнерді қолдауға және дамытуға арналған шараларды талқылады.

02
«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі мәні айқын және бәріне түсінікті. Құжат бәріміз және әрқайсымыз үшін әділдікті көздейді. Алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтардың бірі – әділетті қоғам құру. Әлеуметтік саясаттың парадигмасы өзгереді. Соған байланысты әлеуметтік шығындар мәжбүрлі емес, адами капиталға салынған инвестиция ретінде қарастырылады. Әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі қалыптасып, сапалы білім мен медицинаның қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Сол үшін жақын жылдарда 1,5 миллион жайлы оқушы орны және 700-ден астам медициналық нысан пайдалануға беріледі», – деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Жалпы, мемлекеттің саясаты әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам қағидаттарына табан тірей отырып, қалыптасады.

РҚШ мүшелері «Зенит» зауытының ұжымымен кездесіп, кандидаттың еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға арналған саясатына тоқталды. Бұл өндіріс орны қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының құрылымына енеді.

Сонымен қатар Штаб делегациясы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінде өңірдегі жас агрономдармен және инженерлермен жүздесті. Ашық пікірталас барысында қатысушылар сайлау алдындағы бағдарламада көрсетілген білім мен ғылымға қатысты басымдықтарға назар аударды.

Әзірленді: Республикалық қоғамдық штаб
Тапсырыс беруші: М. Ж. Оспанов
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат

Қ. К. Тоқаевтың сайлау қорының қаражатынан төленді

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале