11.11.2022, 18:06
Оқылды: 272

Экспедиция «Дәуқара батыр» кесенесіне аттанды

Бүгін Қаратөбе ауданының орталығынан Әлқисса, Дәуқара батырдың 335 жылдығына арналған салт аттылы экспедиция жолға шықты.

экспедиция (8)

Экспедиция мүшелеріне аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сәттілік тілеп, ауыл ақсақалы Еркінбек Жәнібеков ақ батасын берді.

Экспедиция құрамында аудан әкімінің орынбасры Жасұлан Сұлтан, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин, «Дәуқара батыр» көкпар командасының мүшелері және еріктілер бар.

экспедиция (7)

Салт аттылар экспедиция барысында Қалдығайты өзенін жағалай, құмды шағылдар мен тарихи қоныстар арқылы 100 шақырымға жуық жолды жүріп өтпек.

Экспедиция маршруты: Қаратөбе - Ерман - Едіге ишан зираты (Талтоғай) - Нұрекен тоғайы - Қонай тоғайы - Мүсірәлі - Әндір тоғайы - Қаражан тоғайы - Тұнба - Саттық - Сәрсенғали - Демеу - Сыпайы әже зираты - Дәуқара батыр зираты - Кеңащы - Алғабас - Тұрдығұл - Айқай шағыл - Құтқожа қарт зираты - Қаратөбе.

экспедиция (3)

Экспедиция мүшелері жол-жөнекей жүрген жерлерінің тарихынан мәлімет беретін бейнетүсірілімдер жүргізеді.

Биыл халық батыры Дәуқара Қарақожаұлының (1687-1751 жж.) дүниеге келгеніне 335 жыл толып отыр. Жергілікті жұртшылық әуелден әулие тұтқан Дәуқара батыр зираты бүгінгі БҚО Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округіне қарасты Жігерлен елді мекенінде орналасқан. "Қасиетті Қазақстан" энциклопедиясының екінші томында Дәуқара батыр зиратының облыстық маңызы бар киелі жерлер қатарына енгендігі туралы ақпарат бар. Дәуқара батырдың құлпытасы Батыс Қазақстан облысындағы ең көне араб эпиграфикалы ескерткіш болып саналады.

Дәуқара - Сырым Датұлындай әйгілі тарихи тұлға шыққан байбақты руына ұран болған ірі батыр. Дәуқара батырдың ұлы Есқараның Сырым батырға ілескені, бірге Хиуа сапарына барғаны шешендік сөздер дерегінде келтіріледі.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале