14.11.2022, 10:01
Оқылды: 71

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының Үндеуі

Құрметті сайлаушылар!

20 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұл – кең байтақ еліміз үшін әрі әрқайсысымыз үшін өте маңызды оқиға.

2

Фото дереккөзі: egemen.kz

Сайлауға қатысу – жай ғана құқығыңыз емес, азаматтық міндетіңіз. Неғұрлым көп адамның дауыс беріп, саналы түрде саяси ұстанымын көрсетіп, өз пікірін ашық білдіруі Қазақстанның болашағына соғұрлым зор ықпал ететін шешуші фактор болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда «Маған бәрібір!» деп қол сілтей салу өте орынсыз. Немқұрайлылықтан аулақ болу «Менің таңдауым ештеңеге әсер етпейді» деген қасаң көзқарастың жаппай таралуына тосқауыл қояды.

Таңдау жасауға әрдайым да жол ашық және осы қадамға саналы түрде, толық жауапкершілікпен бару керек.

Біз әрбір сайлаушыны өзі таңдаған кандидатқа дауыс беруге шақырамыз. Қазақстанның 18 жасқа толған әр азаматы өз еркімен шешім қабылдайды. Дауыс беруге құқылы үлкен-кішіміз, даладағы-қаладағымыз сайлауға бір атаның баласындай ұйымшылдықпен қатысып, жоғары деңгейдегі саяси сауаттылық танытайық!

Сіздерді 2022 жылдың 20 қарашасында сайлау учаскелерінде күтеміз!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале