15.11.2022, 12:33
Оқылды: 68

Белсенді жастар 300 кубик-рубиктен Қазақстан туын құрастырды

Спидкубингтен әлемдік аренада еліміздің намысын қорғап жүрген бір топ жас Отанымыздың жалауын небәрі жарты сағаттың көлемінде жинады, деп хабарлайды Zakon.kz.
a27a41617cd64027aba061a2a0580508

Олар осы арқылы елін сүйетін ұрпақтың көбеюіне септігімізді тигіземіз – дейді. Ту елордадағы халық көп шоғырланатын сауда орталығына қойылды, делінген Астана телеарнасының сюжетінде.

Бұл "Менің елім - менің туым" акциясы аясында өткізіліп жатыр. Жарты сағаттың ішінде жинап біттік. Осындай іс-шаралар жастардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілікті оятады. Өз елінің патриоты болуға тәрбиелейді.Белсенді жас Әлихан Ертұрсын

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале