Кентукки штатында мектеп автобусы апатқа ұшырап, 18 бала мен жүргізуші түрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СBS News-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Магоффин округі аумағында болған.Автобус Салерсвилл қаласына қарай келе жатқан кезде жолдан шығып, аударылып қалған. Зардап шеккендер тікұшақпен және жедел жәрдем көліктерімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Олардың арасында бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары бар. Полицияның мәліметінше, оқиғаға басқа көлік құралдарының қатысы жоқ. Мектеп автобусы қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталмағаны белгілі болды, соның салдарынан көп адам зардап шекті.
Апаттың себептері анықталуда, тергеу жүргізілуде.
Фото: edition.cnn.com