Биыл желтоқсанда бұрнағы жылдармен салыстырғанда, мереке күндері азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен, 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Биылдан бастап бұл күн – жұмыс күні.
Тәуелсіздік күні биыл тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады.
Сонымен желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында:
- бес күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі);
- алты күн жұмыс істейтіндер – 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі) демалады.