16.11.2022, 14:31
Оқылды: 45

Польша аумағына 2 зымыран құлады

Польшаның Украинамен шекарадағы аумағына екі зымыран құлап, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2

ZET радиосы жарылыстар трактор таразыға кірген кезде болғанын анықтаған.

Бұл жерде полиция, прокуратура және армия бар екендігі атап өтілді. Бейресми дереккөздер әскери ұшақтардың ауаға көтерілгенін де хабарлайды, деп жазады портал.

Премьер-министр Матеуш Моравецкий осы оқиғаға байланысты Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі министрлер Кеңесі комитетінің және қорғаныс комитетінің шұғыл отырысын шақырған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале