18.11.2022, 16:00
Оқылды: 43

Балалар арасында ЖРВИ өршіп тұр - министрлік

Республикада тұмаудың А және Б вирусының таралып жатқаны анықталды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

221118132915343e

Айжан Есмағамбетованың атап өтуінше, олардың таралу жолы коранавирус инфекциясымен бірдей, яғни ауа-тамшы жолымен беріледі.

«Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бері республикамызда тұмаудың 1 014 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Республикада тұмаудың А және Б вирусының айналымда жүргені анықталды. Бұдан басқа бүгінгі күні 1 миллионнан астам ЖРВИ тіркелді. Сырқаттанушылық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірдей деңгейде. Ауырғандардың 60 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар», - деді ол.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале