20.11.2022, 11:56
Оқылды: 49

«Сайлауда отбасының да үлесі бар»

Ақсайлық жас отбасы Шарипдановтар дауыс берді.

fb999d8a-24dc-4cf8-a329-2a845eb8830f

"Бүгін біздің еліміз үшін үлкен мереке – осы сайлауда отбасыммен бірге келіп, дауыс бердік. Мен кәмелеттік жасқа жеткелі елімізде болып жатырған ешбір сайлаудан тыс қалған емеспін. Осы сайлауға дейінде бірнеше сайлаулардан отбасымызбен қалмай келіп, дауыс беріп жүрміз. Бұл біріншіден әр адамның жауапкершілігі. Еліміздің ертеңі, болашақ ұрпақ үшін, әділ басшыны саралап сайлау – ол біздің міндетіміз. Осы орайда бүгінгі сайлауға отбасымызбен үлесімізді қосайық деп келдік. Болашақ балаларымыздікі. Балаларым жас болса да барынша түсіндіріп,ерте тұрғызып ертіп келдік. Бүгінгі сайлаудан да үміт зор.

Бейбіт елді ел қамын ойлайтын азамат сайланып, еліміз өркендей берсін деген тілегіміз бар" - деді.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

 zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале