Орал қаласындағы кафелердің бірінде 1988 ж азаматша жанжал шығарған. Кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенде, аталған әйел полиция қызметкерлері тарапына балағат сөздер айтып, олардың заңды талабына бағынбаған.
Фото дереккөзі: qamshy.kz
Аталған құқықбұзушылыққа байланысты азаматшаға ҚР ӘҚБтК-ның 404 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.
Тәртіп сақшыларын балағаттағаны үшін ҚР ҚК 378 бабы 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Әйел азаматша өзінің әдепсіз іс-әрекеті үшін өз қателігін түсініп, кешірім сұрады.
БҚО полиция департаментінің
баспасөз қызметі