29.11.2022, 9:15
Оқылды: 57

Маман кеңесі маңызды

Орал қаласындағы №1 емханада 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке  қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» атты конференция өтті. Дөңгелек үстелде медицина саласының мамандары бүгінде барлық өңірде аталған ауруға қарсы ақпараттық күрес белсенді жүріп жатқанын мәлімдеді.

IMG-20221129-WA0012(1)

Алғаш сөз кезегін алған облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық директорының міндетін атқарушы Алмагүл Мантакова аталған күнге орай медициналық ұйымдарда «Ашық есік» күндері, түрлі профилак-тикалық іс-шаралар жоспарланғанын айтты.

– Облысымызда 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндік өтуде. Білім беру жүйесінде семинарлар, тренингтер, концерттік бағдарламалар, халық арасында сауалнама және ерікті экспресс тестілеу, сондай-ақ сауда, ойын-сауық кешендерінде ауқымды акциялар, кино көрсетілімдер ұйымдастырылуда, – деді Алмагүл  Ақжұманқызы.

Айта кетейік, денсаулық сақтау саласы бойынша ең алғашқы халықаралық деңгейдегі атаулы күн – 1988 жылы ЖИТС-ке қарсы дүниежүзілік күрес күні болып белгіленді. Қазіргі уақытта БҰҰ агенттіктері, мемлекеттер және азаматтық қоғам жыл сайын АИТВ-ға қатысты мәселелерге арналған науқанды өткізуде.

Аталған орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Аяжан Аслямованың айтуынша, бүгінгі таңда облысымызда АИТВ жұқтырған 973 адам анықталды. Оның 66,4%-ы – ер  адамдар болса, 33,6%-ы – әйелдер. АИТВ-ны жыныстық жолмен – 48,6%, ал есірткіні қолдану барысында  – 4  5,3%, гомосексуалдық жолмен жұқтырғандар  2,5%-ды құрайды. Облыс тұрғындары арасында АИТВ  инфекциясының таралуы 40-49 жаста – 17,1%, 50-59 жаста – 5,8%, 60-69 жас аралығында – 2,8%. АИТВ/ЖИТС жұқтырғандардың 20-39 жас аралығындағы көрсеткіші – 69,8,%.

– Иммун тапшылығы инфекциялық сипаттағы басқа аурулардың өршуіне негіз болады. Медицина дамуының қазіргі кезеңінде бұл ауруды толық емдей алады деп айта алмаймыз. Иммун тапшылығы вирусы адам ағзасында 10-12 жыл бойы өмір сүретін жағдай да кездеседі. Тұрғындардың көбі аурудың бастапқы белгіле-ріне назар аудармайды. Содан ЖИТС-тің аса қауіпті екеніне мән бермейді. Егер емдеу үдерісі уақытында басталмаса, кейін аурудың алдын алу мүмкін болмайды. Уақытында әрекетке көшсек, тиімді емдеу іс-шараларын жасай аламыз деген үміт те жоқ емес, – деді №1 емхананың емдеу-алдын алу бөлімінің терапевт-дәрігері Майра Сағынғалиева.

Аманжол Исламғали, 

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале