8.12.2022, 12:00
Оқылды: 69

Шыңғырлауда «Бала тілі – бал» аудандық байқауы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда, Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде  «Бала тілі – бал» аудандық байқауы ұйымдастырылды. Байқауға ауданның барлық дерлік бөбекжайынан бүлдіршіндер қатысып, өз өнерлерін көрермендерге паш етті.

8

Төрт кезеңнен тұратын сайыста қатысушы балалар өздерін әнмен де, бимен де таныстырып, тез арада суретке қарап әңгіме құрастырды, өз өнерлерін көрсетті.

6

Байқауға түскен 11 бүлдіршіннің бәрі де бас жүлдеге лайықты. Дегенмен әділқазылардың шешімімен бас жүлде Серіков Бейбарысқа бұйырса, І орынды Сәлімгерей Шаһар иеленді. Нұрмұханов Нұржігіт екінші орынға, ал Қуандық Жұлдыз үшінді орынға ие болды. Қалған сайыскерлер әр аталым бойынша марапатталды.

5

Байқау соңында аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев сөз сөйлеп, балалар жылымен құттықтады.

7

Әр сайыркердің артында үлкен ұжымның еңбегі, ана-атаның қолдауы тұрғаны сөзсіз. Сондықтан әр бөбекжай ұжымына еңбектерініңіз жана берсін деп тілейміз!

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале