Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев өткенде ғана Абай облысының халқымен кездесті, деп жазады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігі сайты.
Суреттер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігі сайтынан
Қойылған сұрақтардың 90%-ы экологияға зиянын тигізген Семей ядролық сынақ полигоны, тұрғылықты халықтың денсаулығы, әлеуметтік төлемдер және тағы басқалары қатысты.
Экология министрі осы байланыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Дүйсенова Т.Б., Энергетика министрі Ақшолақов Б.О., ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Милютин А.А., Денсаулық сақтау вице-министрі Сұлтанғазиев Т.С., Абай облысының «Комитет полигон-21» қоғамдық бірлестігінің бастамашыл тобы қатысуымен жиналыс өткізіп, мәселелерді қарастырды.
Әр ведомствоның, сондай-ақ қоғамдық бірлестік белсенділерінің ұстанымдарын тыңдаған соң, үш облыста (Абай, Қарағанды, Павлодар облыстары) полигонға іргелес аумақ тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатының жағдайын тереңірек талдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.