14.12.2022, 14:30
Оқылды: 71

Теректіде қос мешіт салынуда

Алла елшісі (с.ғ.с.) хадисінде: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды», – деп өз үмбетін сүйіншілеген екен. Бұдан асқан қандай бақыт бар? Ауданымызда асыл дініміз өркендеп, игілік пен ізгілікке ұмтылғандар саны көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады, әрине. «Алла үйі — әрбір мұсылманның тіреуі» демекші, мешіт — мұсылман бауырларымыздың Алла Тағалаға құлшылық, ғибадат қылатын орын. Осы орайда, Подстепный және  Сарыөмірде мешіт салынуда. Бүгінгі таңда қос мешіттің сыртқы құрылыс жұмыстары тәмәм, ішкі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

IMG-20221214-WA0060

Айта кетейік, Сарыөмір ауылында 2021 жылдың мамыр айында басталған мешіт құрылысы 100-ден аса адамға арналған.  Ғимараттың жалпы аумағы 0,2500 шаршы метрді қамтиды. Оның ішінде имам бөлмесі, діни тәлім алатын шағын сыныптар бар. Мешіт құрылысының басы-қасында болып ұйымдастырып жүрген Азамат Кенжеғалиев.

IMG-20221214-WA0061

Ал Подстепный  ауылында 2017 жылдың желтоқсан айында 0,1500 шаршы метрлік жер телімі беріліп, мешіт құрылысы басталған болатын. Мешіт ғимараты 500 адамға арналған. Құрылыстың ұйымдастырушысы Ақан Табишев екенін айта кеткен жөн.

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале