15.12.2022, 20:30
Оқылды: 32

Желтоқсан жаңғырығы

Бүгін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен аудандық кітапхана жүйесінің оқу залында ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан жаңғырығы» атты рухани кеші өтті.

жане

Аталмыш жиында желтоқсан оқиғасының куәгерлері Махамбет Әубекеров, Айгүл Мұстафина, Батыр Таулин және Тәуелсіздіктің төл құрдасы Жақсылық Хайрелов бой көрсетті. Алдымен Тәуелсіздік үшін жанын қиған желтоқсан құрбандарының рухтарына құран бағышталды. Одан әрі аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева сөз алып, 1986 жылы Тәуелсіздік алу мақсатында жандарын құрбан еткен жастарды еске алды.

жаңа

Сонымен қатар желтоқсан оқиғасының куәгерлеріне аудан әкімі Дархан Закариннің алғысхатын табыстады. Шара барысында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов «Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында баяндама жасады. Жаңақала ЖОББ мектебінің оқушылары Әлішер Жанмұханов, Айша Шынболат және Диляра Табылдиева Мұнайдар Балмолданың «Армысың желтоқсаным» атты туындысын мәнерлеп оқып берді.

жан1

Одан әрі кеш жүргізушісі Мерей Жұмашев қонақтармен шағын сұхбат жүргізді. Шара соңында Мәдени-демалыс орталығының бір топ қызметкерлері жан тебірентерлік «Желтоқсан желі – ызғарлы» әнін шырқап, рухани кешті тәмамдады.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале