23.12.2022, 17:15
Оқылды: 63

Оралдық оқушылар Алматы әкімінің кубогіне арналған чемпионатта бірінші орын иеленді

21-22 желтоқсан күндері «ALMATY TECHNOCUP - 2022» атты Алматы қаласы әкімінің кубогіне арналған робототехника мен инновациялық технологиялардың дәстүрлі VІІ ашық чемпионаты өтті. Чемпионатқа робототехниканы жетік меңгерген дарынды жеткіншектер қатысты.

12

Қалалық білім бөлімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, TechCup – мектеп оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін, кәсіпкерлерді, ата-аналарды, сонымен бірге, білім беру идеялары мен жобаларының авторларын біріктіретін дәстүрлі чемптонат. Мақсаты – балалар мен жастардың инновациялар мен инженерлік әзірлемелер саласына қызығушылығын ынталандыру, ІТ-құзыреттіліктерді дамыту және насихаттау, балалар мен жастар арасындағы таланттарды анықтау және қолдау.

13

Биылғы додада еліміздің барлық өңірлерінен 7-22 жас аралығындағы 700-ден астам команда бақ сынап, «Инженерлік жобалар», «Бағдарламалау», «ІТ-дегі бизнес», «3D-модельдеу», «Роботтар жарысы» (VEX, сумо, желі, кегельринг) санаттарында жарысты.

14

Жас ерекшеліктеріне орай үздік атанғандардың қатарында оралдықтар да бар. №41 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары «3D модельдеу 3D техно» санаты бойынша І орынды иеленіп, 50 мың теңге ақшалай сый алды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале