26.12.2022, 14:30
Оқылды: 55

Ауғанстанда ҮЕҰ-да жұмыс істеуге тыйым салынды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ауғанстанда әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуіне тыйым салынғанына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы халықаралық ұйым өкілі Стефана Дюжарриктің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Анадолы.

WhatsApp Image 2022-12-26 at 11.11.45

«Бұл шешім әйелдер мен қыздарға көмектесетін көптеген ұйымдардың жұмысына зиян келтіреді. Ауған әйелдерінің адамдар өмірін сақтап қалу жолында халықаралық қауымдастықпен жұмыс істеуіне тыйым салу Ауғанстан халқына бұдан да көп қасірет әкеледі», - деді С.Дюжаррик.

Айта кетейік Талибан билікке келгеннен кейін ауғанстандық әйелдерге тыйым күшейді. Енді ауғандық әйелдер саябақта қыдыра алмайды және университеттерде оқи алмайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале