4.01.2023, 17:45
Оқылды: 40

Жаңа жылдан кейінгі алғашқы саудада доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 2,73 теңгеге көтеріліп, 465,39 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
6

Еуроның орташа бағамы 493,90 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 67,45 теңгені (+1,42) құрады.

Ресей рублімен сауда-саттық болған жоқ. Рубль бағамын Ұлттық банк 6,43 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 466-470 теңгеден, еуро 493-499 теңгеден, ресей рублі 5,9-6,4 теңгеден сатылуда.

Ал 4 қаңтардағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,21%-ға төмендеп, барреліне 81,93 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,35%-ға төмендеп, барреліне 76,66 долларды құрады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале