5.01.2023, 18:00
Оқылды: 51

"Болу үшін жаралған туған жердің жырауы"

Осындай атаумен бүгін Сырым аудандық Мұқадес Есламғалиұлы атындағы орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен жерлес ақын Қадыр Мырза Әлиді еске алуға арналған әдеби кеш өтті.

image-05-01-23-05-39-3

Кеште аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев кішкентай оқырмандарға Қадыр Мырза Әли шығармашылығының құндылығын насихаттау бәріміздің борышымыз екендігін тілге тиек етіп, болашақ көркемсөз шеберлеріне сәттілік тіледі.

image-05-01-23-05-39-8

Шараның шымылдығы кітапхананың оқырманы Бақыт Молдагерееваның орындауында ​ “Тамаша” әнімен түріліп, “Ақжайығым”, “Құштар көңіл”, “Кездер-ай” әндерімен жалғасын тапса, балалар кітапханасының кішкентай оқырмандары Қадыр ақынның балаларға арналған өлеңдерін нақышына келтіре жатқа оқыды.

image-05-01-23-05-39-4

Қайрат Илашев, Ақылбек Бекболатов сынды көркем сөз шеберлері де ақын өлеңдерін оқырман жүрегіне жеткізе білді.

image-05-01-23-05-39-6

Әдеби кеш соңында кітапхана ұжымы мен оқырмандар естелік суретке түсті.

Айжан Амангелдина 

Сырым ауданы​

 zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале