9.01.2023, 15:31
Оқылды: 47

Бір жылда пәтерді жалға беру бағасы 70 пайызға дейін қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылы тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгергені жайлы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220419151842a3924518d

2018 жылдың наурызынан бері қолданыстағы тұрғын үй нарығындағы баға алғаш рет арзандады.

Айлық мәнде (желтоқсаннан қарашаға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағасы 1,5%-ға төмендеді.

Атап айтқанда, баға Астана (5,1%-ға), Шымкент (2,7%) және Ақтау (1,6%) қалаларында түскен.

Сондай-ақ, желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады.

Жаңа тұрғын үйді сату бағасы, керісінше, 0,4%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

1 шаршы

метрінің бағасы, теңге

2022 жылғы желтоқсан

Анықтама: 2022 жылғы қараша

2021 жылғы желтоқсанға

2022 жылғы қарашаға

2021 жылғы қарашаға

2022 жылғы қазанға

Жаңа тұрғын үйлерді сату

437 4591)

15,6

0,4

17,3

1,2

Пәтерлерді қайта сату

482 197

21,6

-1,5

26,9

1,0

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі

4 678

45,0

-1,6

48,6

-2,4

Бір жылда (2022-2023 желтоқсан) қолданыстағы пәтер саудасындағы баға – 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйді сату 15,6%-ға өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі алдыңғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы желтоқсанда 45% артты.

Өңірлер арасында жаңа үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 29,3%, Ақтауда 26,6%, Семейде 22,3% қымбаттады.

Қолданыстағы пәтер саудасындағы баға Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай қалаларында қатты өскен (32,4%).

Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Алматы (70,5%), Қостанай (54,6%), Қарағанды қаласында (53,1%) қатты қымбаттады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале