Анутин Чарнвиракул бұл талаптың ыңғайсыз екенін және сарапшылар тобы мұны қажет емес деп шешкенін айтты. Себебі бүкіл әлемде вакцина жеткілікті. Бұл туралы CNА жазды.
Анутин екпе алмаған туристерге де шектеусіз кіруге рұқсат етілетінін айтты.
Бұған дейін елдің авиация басқармасы 9 қаңтарда күшіне енетін шектеулерді жариялаған еді. Таиланд денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Қытайдан туристердің алғашқы рейсі 9 қаңтарда келген.
Қараша айында елде 1,75 миллион турист тіркелді. Бұл бұрынғымен салыстырғанда төрт есе көп.
Министрдің айтуынша, Таиланд қазір 7-ден 10 миллионға дейін қытайлық турист келеді деп болжайды.
"Бұл - Таиландтың туризм секторы үшін жақсы белгі. Өйткені ел экономикасы тез қалпына келеді", - деді Анутин Чарнвиракул