11.01.2023, 9:30
Оқылды: 42

Эстонияда жұмыссыздық деңгейі өсті

Эстонияда жұмыссыздық деңгейі 8,1 пайызға өсті, бұл елде жалпы алғанда 53 мыңға жуық жұмыссыз адам екенін көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

230110223331342e

Эстония БАҚ жаңа жылдың алғашқы айларында жұмыссыздық деңгейі әлі де өсетінін болжауда

«Қазіргі уақытта экономикада белгісіздік пен пессимизм көп болғандықтан, кәсіпкерлер инвестиция салудан немесе адамдарды жалдаудан тартынып отыр», - деді Эстония Жұмыс берушілер конфедерациясының басшысы Арто Аас.

Елдегі Кәсіподақтар конфедерациясының төрағасы Яан-Хендрик Тумель еңбек нарығында ұсынылатын жұмыс орындарының не жоғары білікті лауазымдар, не біліктілігі жоқ жұмыс күші екенін атап өтті. Дегенмен, олардың арасында таңдау аз.

«Жалақысы төмен және жеңіл жұмысқа қатысты ұсыныстар да бар, бірақ алты ай бұрынғы жағдайға қарағанда бүгін адамдарға орта сегментте жұмыс табу қиынырақ», - деді Яан-Хендрик Тумель.

Эстонияның жұмыс берушілер конфедерациясы алдағы бірнеше айда жұмыссыздық көрсеткіші одан әрі өседі деп болжап отыр. Бүкіл Эстонияда дәстүрлі түрде ауыр өнеркәсіпке негізделген және энергия өндіруге бағытталған Ида-Вирумаа округінде жағдай күрделі болып қалуда. Мұндағы жұмыссыздық 11,8% құрайды. Ал негізінен ауылдық аймақтан тұратын Валга округіндегі жұмыссыздық деңгейі 11% жетті.

Фото: news.err.ee

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале