11.01.2023, 17:29
Оқылды: 42

Орал қаласында қысқы алаңдарға мұз құю жұмыстары басталды

Орал қаласында қысқы алаңдарға мұз құю жұмыстары басталды.

IMG-20230111-WA0014

Орал қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қысқы маусымдағы спорт алаңдарына мұз құю жұмыстары ауа-райының қолайсыздығына байланысты қаңтар айына дейін шегерілген. Қазір жоспарға сәйкес төмендегі мекенжайдарға мұз құю жұмыстары жүргізілуде.

IMG-20230111-WA0013

Олар:

- Н.Назарбаев даңғылы, 203 үй;

- Құрылысшы шағынауданы, 43 үй;

- №4 шағынаудан,16 үй;

- И.Ларин көшесі, 10 үй;

- Құрманғазы көшесі, 150 үй;

- Д.Қонаев шағынауданы, 66 үй;

- № 5 шағынаудан, 4 және 7 үйлердің аралығында;

- Зашаған кенті, Балауса шағынауданы, Қалменов/Жұмыр Қылыш көшесі;

- Матросов көшесі, 52, 54 үй;

- Құрылысшы шағынауданы, 29 үй аумағында орналасқан.

Арнайы белгіленген орындарда барлық тұрғындардың кез келген уақытта өз конькилерімен келіп, тегін сырғанауға мүмкіндігі бар.

Тегін сырғанау алаңдары қыс мезгілінің соңына дейін жұмыс істейді.

@zhaikpress_kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале