11.01.2023, 19:59
Оқылды: 180

Сел мен топырақ көшкіні қаупі қай өңірлерде жоғары – министрлік мәліметі

Соңғы бес жылда сел мен қар көшкіні жүру қаупі жоғары учаскелердің көбеюіне байланысты профилактикалық іс-шаралар күшейтілді. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Төтенше жағдайлар министрінің қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG_20230111_195720

Сурет: ҚазАқпарат

«Соңғы бес жылда сел қаупі бар учаскелер санының 584-тен 609-ға дейін, топырақ көшкіні қаупі бар учаскелер 168-ден 394-ке дейін, қар көшкіні қаупі бар учаскелер 542-ден 610-ға дейін, мореналық көлдер саны 694-тен 970-ке дейін артуына байланысты қауіпті мореналық көлдерді босату, қар көшкіндерінің профилактикалық түсулері жөніндегі іс-шараларды жүргізу күшейтіліп жатыр.

Осы іс-шаралар орындалмаған жағдайда өңірлік және жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайлар болуы мүмкін, олар өрт, авария және өзге де қауіпті құбылыстар мен процестерді тудыруы ықтимал. Сондай-ақ 50 мыңнан астам адамның қаза болуына, халықтың өмір сүру жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл тек Алматы қаласы бойынша ғана мысал.

Осындай төтенше жағдайлар Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында да орын алуы ықтимал», - делінген құжатта.

Қоса кетейік, биылдан бастап денсаулығы мен өміріне қауіп төнетін жұмысты атқаратын құтқарушыларға қосымша ақы төленбек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале