31.01.2023, 16:45
Оқылды: 50

Мұнай бағасы 16% төмендейді

Халықаралық валюта қоры биыл мұнай баррелінің бағасы 16,2 пайызға арзандап, 81,13 долларға дейін төмендейді деп болжады. Бұл туралы ХВҚ-ның дүйсенбіде жарияланған жаһандық экономиканың даму перспективалары туралы баяндамасының қаңтардағы жаңартылған мәліметінде айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz  ТАСС-қа сілтеме жасап.

2023_01_31_mpyb5pid

«2023 жылы мұнай бағасы шамамен 16%-ға төмендейді. Ал жанармайға жатпайтын шикізат тауарлардың бағасы орта есеппен 6,3%-ға құлдырайды. 2022 жылғы 29 қарашадағы фьючерстік нарықтарда есептелген орташа болжамды баға 2023 жылы 81,13 доллар және 2024 жылы 75,36 доллар болады», делінген мәліметте.

Осылайша, келесі жылы мұнай бағасы 7,1 пайызға төмендейді.

ХВҚ-ның пайымдауынша, энергия нарықтары Украинадағы жанжалдан туындаған (экономикалық) жағдайларға тез бейімделді. Дегенмен өткен жылы «жаһандық энергия мен азық-түлік бағасының күрт өсуі өмір сүру құнының дағдарысын тудырды.

Украинадағы қақтығысқа байланысты мұнай, газ және азық-түлік бағасының күткен көрсеткіштен жоғары болуы жалпы инфляцияны қайта көтеруі мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале