1.02.2023, 11:01
Оқылды: 31

Казталов ауданының жер қатынастары бөлімінде жаңа басшы

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы №12-ө өкімімен Сағат Асылбекұлы Нұрмұхамбетов 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

20230201_100911

Жаңадан тағайындалған басшыны бөлімге аудан әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібеков таныстырып, Сағат Асылбекұлының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Сағат Асылбекұлы Нұрмұхамбетов 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2008 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін экология мамандығы және 2015 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жанұялы, отбасында жұбайы, екі ұлы және бір қызы бар.

Еңбек жолын 2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің статист маманы қызметінен бастаған.

​ 2012-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

2019-2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы;

2020-2021 Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлім басшысының орынбасары;

2021-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылдық округі​ әкімінің орынбасары;

​ 2022 жылдың 1 қараша - 2023 жылдың 1 ақпаны аралығында Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале