Дүниежүзілік сайлау күніне орай “Қазына” коворкинг орталығында дөңгелек үстел өтті. Жиынды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиев жүргізді.
Теректі ауылдық округінің комиссия мүшелері қатысқан басқосуда сайлаудың шығу тарихы түсіндірілді. Жиынға қатысушы комиссия мүшелері өз ойларын айтып, қойған сауалдарына жауап алды.
Айта кететін жайт, дүниежүзілік сайлау күніне орай әр ауылдық округтерде комиссия мүшелері дөңгелек үстелдер мен “Ашық есік” күнін өткізді.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz