Бүгін Жаңақала балалар бөбекжайында аталған бөбекжай тәрбиешілері Зәмзәгүл Зұлхашқызы, Гүлстан Жасболатқызы, Әсел Серікқалиқызының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы» атты отбасылық сайыс өтті. Жарысқа «Балдырған», «Аққу», «Тұлпар», «Аққоян» тобының атынан ата-аналар балаларымен қатысып, бақ сынады. Көңілді отбасылық байқауда бөбекжай әдіскері Ақторғын Саматқызы, тәрбиеші Бибігүл Нысанғалиқызы, медбике Әйгерім Жүсіпбекқызы әділқазылар алқасынан табылып, шара барысында әділ бағаларын берді.
Сайысқа қатысушы отбасылар алдымен бейнебаян арқылы отбасы мүшелерімен таныстырып, топтың ұранымен бөлісті. Одан соң ата-аналарға және балаларға арналған қызықты да көңілді сұрақтар қойылды. Сайыстың 3 кезеңінде қатысушылардың бірі шеберлік өнерін көрсетсе, бірі мәнерлеп өлең оқып, енді бірі қолдан жасалған әшекеймен сән көрсетіп қазылар алқасын тәнті етті.
Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде «Балдырған» тобының атынан қатысқан Тілеубергеновтер отбасы жүлделі І орынға ие болып, жеңімпаз атанды. «Аққу» тобынан Уахитовтар отбасы ІІ орынға ие болса, «Тұлпар» тобының Хаируллиндер және «Аққоян» тобының Шаитовтар отбасы жүлделі ІІІ орынға табан тіреді. Шара соңында сайысқа қатысушы отбасыларға сыйлықтар табыс етіліп, әдемі естелік суретке түсті.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz