6.02.2023, 10:01
Оқылды: 28

Алина Дауранова Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық конькимен жүгіруші Алина Дауранова Германияның Инцель қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің финалында алтын медаль жеңіп алды.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жазды.

8fa7e99aa83a3e3b3cfef56bf8170e43_1280x720

Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 17,98 секундта жүріп өтті.

Бұл нәтиже оған бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Нидерландыдан келген спортшы Пьен Херсман күміс медаль иеленді. Ал итальяндық Серена Паркер үштікті түйіндеді.

Бұдан бөлек, Алина Дауранова 1000 метр қашықтықта жалпы есепте жеңімпаз атанды. Дәл осы қашықтықта жалпы есепте қазақстандық Никита Важенин үздік нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, жарысқа 28 елден 218 спортшы қатысты.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале