7.02.2023, 11:15
Оқылды: 57

Экс-министр Асхат Аймағамбетов Мәжіліс депутаттығына үміткер

Бұған дейін «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезі өтіп жатқандығын хабарлаған болатынбыз. 

Жиында партиядан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді. Олардың арасында экс-министр, партия мүшесі Асхат Аймағамбетов бар.

20e06d10-69ef-478a-8312-9634c8fca777

«Экс-министр, партия мүшесі Асхат Аймағамбетовтің «AMANAT»-тың кезектен тыс XXV Съезінде сөйлеген сөзінен:

«Болашағымыз жарқын болуы үшін бәсекеге қабілетті болуымыз қажет. Ол үшін саяси реформаларды, білім мен ғылымды дамыту қажет. Бізге бәсекеге қабілетті білім керек. Біз, Әділетті Қазақстан дегенде кейде оған тұтынушы ретінде қараймыз. Өзімен өзі бір заң немесе шешім арқылы Әділеттілік пен заңдылық пайда болатын сияқты. Ол тек Президент, Үкімет, Әкімдіктің жұмысы сияқты болып тұрады. Анығында олай емес. Әділетті Қазақстанды құру үшін қоғамның барлығы түгел жұмылдыруы керек».

Фото: @AMANATPartiyasy

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале