Қазақстан Республикасында бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге қолданыстағы уақытша шектеулерге қарамастан, кейбір жеке және заңды тұлғалар жанар-жағар май заңсыз өткізуге әрекет жасауда.

Фото: tengrinews.kz
Бүгін «Тасқала» автомобиль өткізу пунктінде БҚО-дағы Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, 400 литрден астам дизель отынын заңсыз әкетпек болғандарды қолға түсірді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 21, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 49, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 31 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 40/ke-ka. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 қаңтарда № 31744 болып тіркелді.
Бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00). Автокөлік дайындаушы зауытындағы бензин бактарын әкетуді қоспағанда.
БҚО-дағы Мемлекеттік кірістер департаменті отынды елден заңсыз әкетудің әрекекетіне тұрақты бақылау жүргізеді.
zhaikpress.kz