14.02.2023, 9:45
Оқылды: 43

Премьер-Министр: Мектептің ішінде де қауіптің барын көріп отырмыз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысы барысында мектептерде қауіпсіздікті арттыру шараларын пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

42587FF3-943A-429E-9240-49DDC90BD9A4

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев кәмелетке толмаған баланың №4 қалалық мектеп оқушыларына шабуыл жасаған оқиғасын тергеу туралы баяндады.

Әлихан Смайылов Петропавлда орын алған оқыс жағдай халық арасында үлкен алаңдаушылық тудырғанын  атап өтті.

«Балаларының қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де қауіптің барын көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарына тексеру жүргізу қажет. Бейнекамералардың санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек», - деді Премьер-Министр.

Бұл ретте Үкімет басшысы:

  • Ішкі істер министрлігіне балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша келісілген ұсыныстар енгізуді,
  • Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алуды,
  • Оқу-ағарту министрлігіне Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуді тапсырды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале