16.02.2023, 17:16
Оқылды: 58

Жанар-жағармай мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарланды Үкіметтің telegram каналында.

6e2c9da3-356e-4f5d-9423-b47f9f5ac078

Фото: t.me/KZgovernment

Атап айтқанда, егіс науқанының қарсаңында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыру, делдалдық схемалардың алдын алу, сондай-ақ жалпы сауда-саттықтың ашықтығын арттыру шаралары қаралды. Талқылауға Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылары қатысты.

Премьер-Министр өндірушілерің ішкі нарыққа жанар-жағармай материалдарын үздіксіз жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ кез келген жағдайға уақытылы жедел әрекет ету үшін қорлар мен сатылымдарға тұрақты режимде мониторинг жүргізу қажеттігіне назар аударды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале